Елорда тұрғындары мен қонақтары алдағы демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде отандық өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жәрмеңке 20-21 маусым күндері өтеді. Оған елордалық фермерлермен қатар Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысады.
Келушілерге жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидектер, ет және сүт өнімдері, ұн, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да азық-түлік түрлері ұсынылады.
Жәрмеңке екі күн бойы сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайындағы «Керуен жолы» сауда орталығы аумағында жұмыс істейді.
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Ұйымдастырушылар тұрғындардың қолайлығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайтынын хабарлады.
Еске салайық, Алматыда аптап ыстыққа байланысты жәрмеңкелерде ет сатуға шектеу қойылды.