• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:14

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға бұрын тиесілі болған «Қайсар Плаза» бизнес орталығы онлайн-аукцион порталында тағы да сатылмады. Ғимарат осымен екінші мәрте сатуға шығарылды. Бастапқы баға 61,5 млрд теңгеден 54,4 млрд теңгеге дейін төмендетілгенімен, оны сатып алуға ниет білдіргендер болмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғимаратты сатып алуда кепілдік жарнасы 8,16 млрд теңгені құрады.

Аукцион 17 маусым күні сағат 10:00-де бағаны көтеру форматында өтуі тиіс болғанымен, тіркелген қатысушылар болмағандықтан сауда басталмады.

Қайрат Сатыбалдының қонақүйі мемлекетке қайтарылды

Аумағы 63,9 мың шаршы метр болатын бизнес-орталық Алматы қаласындағы Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Ғимарат 9 қабаттан тұрады және онда 53 кәсіпкер жалға алып жұмыс істейді.

Потенциалды сатып алушыларға құжаттардағы сәйкессіздіктер туралы алдын ала ескертілген. Бір құжатта нысанның ауданы 63 920 м² деп көрсетілсе, техникалық паспорттың дубликатында 56 480 м² деп берілген. Айырмашылық панорамалық қабаттың (2 297 м²) шатыр ретінде есептелуімен және қайта есептеу нәтижесінде тағы 5 143 м²-ге азаюымен түсіндірілген.

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары сатылымға шығарылды

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдының бизнес-орталығы 61 миллиард теңгеге сатылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар