• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында көпқабатты тұрғын үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп жазады Egemen.kz.

Ресей Федерациясының Ростов облысы бойынша Тергеу комитеті нәрестенің мәйіті 16 маусымда табылғанын хабарлады. Алдын ала деректер бойынша мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Орал қаласында қоқыстан нәрестенің денесі табылды

Баланың нақты неден көз жұмғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ростов облысының прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алғанын мәлімдеді. Қадағалау органы істің жан-жақты әрі толық зерттелуін бақылайтын болады.

Қосшыда жол жиегінен нәрестенің мәйіті табылды

Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласында қоқыс жәшігінің маңынан жаңа туған нәресте табылды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Нәрестеге Батыр есімі берілген.

Соңғы жаңалықтар