• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Логистика Бүгін, 12:02

Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды

Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ел аумағындағы теміржол вокзалдарының реконструкция жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының вокзалдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы кеңінен жүзеге асып жатыр.

Көлік министрінің айтуынша, басты мақсат – азаматтарды қауіпсіз және жайлы теміржол көлігімен қамтамасыз ету.

«Бүгінде елімізде тәуелсіздік жылдарында алғаш рет теміржол вокзалдарын ең бір кең ауқымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл ірі жобаға Қазақстанның барлық өңірлерінде 124 вокзал енгізілген. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан вокзал маңындағы алаңдарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. Алғашқы 30 вокзал биылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға беріледі», деді Нұрлан Сауранбаев.

Бүгінде 36 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Одан бөлек, министрдің мәліметінше, Қазақстанда соңғы жылдары 650-ден астам жолаушылар вагоны жаңартылған. 2030 жылға қарай министрлік жолаушылар паркін жаңарту деңгейін 90%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

Соңғы жаңалықтар