• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ықтимал келісім жасалғаннан кейін Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізу мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұл туралы ол G7 саммиті барысында мәлімдеді, деп хаюарлайды Egemen.kz

«Жақын арада біз мұны жасай аламыз, өйткені қазір мұнай жеткізіліп жатыр. Біз жеткізілімдерге кедергі келтірмеу үшін санкцияларды алып тастадық. Сондықтан көп ұзамай оларды қайта енгізуге мүмкіндігіміз болады», деді Трамп.

Еске салайық, наурыз айында АҚШ Ресейге қатысты санкциялардың бір бөлігін іс жүзінде тоқтатып, алдын ала тиелген мұнайды экспорттауға рұқсат берген болатын.

Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті

Мұндай шешімге Иранмен қақтығыс салдарынан Ормуз бұғазының жабылу қаупі себеп болған. Бастапқыда бұл жеңілдіктер 30 күнге берілгенімен, кейін бірнеше рет ұзартылды.

Соңғы жаңалықтар