Футбол мерекесі Канадаға да жетті. Торонтодағы «Би-Эм-О Филд» аренасында әлем чемпионатының В тобындағы алғашқы ойынды Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы бастап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қос команда арасындағы ойын өте тартысты болды. Кездесудің 21-ші минутында Босния және Герцеговина сапынан Лукич Йово есеп ашты.
Канада құрамасы допқа иелік ету, шабуылдау жағынан алда болғанымен қарсылас қақпасынан саңылау таба алмай біраз әлек болды. Тек матчтың 79-шы минутында ойынға тыңнан қосылған Кайл Ларин есепті теңестіріп, жергілікті жанкүйерді қуанышқа бір бөлеп тастады. Кездесу соңына дейін қарсыластар таблоға еш өзгеріс енгізе алмады. Қорытынды есеп 1:1. Қос команда бір-бір ұпайдан еншіледі.
Естеріңізге салайық, бүгін Д тобында АҚШ пен Парагвай, Австралия мен Түркия құрамалары алғашқы кездесулерін өткізеді. Ойын Астана уақыты бойынша таңғы сағат 6:00-де және 9:00-де басталады.
Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты