Бүгін футболдан әлем чемпионаты қарсаңында Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары кездеседі. Кездесу Торонто қаласындағы стадионда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мундиальдың ашылу рәсімін үш елде өткізу жоспарланған. Матч алдында турнирдің екінші ашылу салтанаты өтеді. Елорда уақытымен 23:40-қа жоспарланған ойынды Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.
Канада құрамасы бұған дейін жолдастық кездесулерде сегіз матч қатарынан жеңілмеген. Жуырда олар Өзбекстанды 2:0 есебімен жеңіп, Ирландиямен 1:1 есебімен тең түсті.
Ал Босния және Герцеговина командасы Уэльс пен Италияға қарсы плей-офф кезеңінде пенальти серияларында жеңіске жетіп, турнирге жолдама алды. Босния және Герцеговина сапында «Астана» футбол клубының ойыншысы Иван Бачиш өнер көрсетеді.
Айта кетейік, кеше Мексиканың «Ацтека» стадионында әлем біріншілігінің ашылу салтанаты өтті. Алғашқы ойында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы кездесті. Матч мексикандықтар пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.