Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесіне қатысты екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», делінген хабарламада.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға қол қойды
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қырғызстанның Жогорку Кенешінің Төрағасын қабылдады.