• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 11:13

Елордада ет және сүт өнімдерін тиімді бағада қайдан алуға болады?

Астанада 13-14 маусым күндері дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген фермерлер мен отандық өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Келушілер көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, ұн, кондитерлік тағамдар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да азық-түлік тауарларын сатып ала алады.

Іс-шара екі күн бойы, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін елордадағы Керуен жолы сауда орталығында өтеді.

Жәрмеңкеге келушілер үшін көлік қатынасы да қолайлы ұйымдастырылған. Аталған орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағытындағы автобустар қатынайды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда аптап ыстыққа байланысты жәрмеңкелерде ет сатуға шектеу қойылатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар