• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:11

Әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі: Кәсіпкер ауылға спорт нысанын сыйлады

Ақмола облысының Бірсуат ауылында жергілікті агроөнеркәсіп кәсіпорнының қаражаты есебінен салынған заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аумағы 315 шаршы метрден асатын жаңа нысан бір ауысымда 100 адамды қабылдауға қауқарлы. Кешенде шағын футбол, волейбол, баскетбол және дзюдо спорт түрлерімен айналысуға арналған әмбебап зал қарастырылған. Бұл ауылдағы 700-ден астам тұрғынның спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Нысанның ашылу рәсіміне қатысқан Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары бағалап, кәсіпкерлерге алғыс айтты. Сондай-ақ кешеннің жанынан воркаут және командалық ойындарға арналған қосымша ашық спорт алаңын салуды тапсырды.

Спорт кешенінің ашылуымен қатар ауылды абаттандыру жұмыстары да жүргізілді. Атап айтқанда, көшелер мен стадионның жарықтандыру жүйесі жаңартылып, ұзындығы 15 шақырым болатын кіреберіс жол пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар