• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 08:39

Түркияда жолаушылар автобусы өртеніп, 8 адам қаза тапты

Түркияда Измир-Анталья бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы Денизли-Айдын жолында Тырказ ауданында апатқа ұшыраған. Автобус жол қоршауына соғылып, кейін өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полиция және жандармерия қызметкерлері дереу жеткен.

Автобус өртінен 8 адам мерт болған. Арасында жүргізуші және 1 сәби бар. Тағы 33 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Олар медициналық мекемелерге жеткізілді.

Атырау облысында 2 көлік өртенді: 60 жастағы жолаушы қаза тапты

Салонда 38 жолаушы мен көлік компаниясының 3 қызметкері болғаны анықталған.

Қаза тапқандардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бұған дейін Таразда көлік өртенгені туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар