• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт рәсімдеу толықтай онлайн форматқа көшіріледі

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, 1 маусымнан бастап техникалық паспорт рәсімдеу және кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру қызметтері тек электронды түрде көрсетіледі. Құжаттарды төлеу және алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызмет ақысын өтінім беру кезінде бірден төлеуге болады, ал дайын құжат автоматты түрде жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде пайда болады.

Қалай рәсімдеуге болады:

eGov.kz порталында «Жылжымайтын мүлік» бөліміне өтіп, қажетті қызметті таңдаңыз («Техникалық паспорт беру» немесе «Кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру»). Нысан түрін көрсетіп, «Азаматтарға арналған үкімет» филиалын таңдаңыз және қажетті мәліметтерді толтырыңыз. Төлем жасап, сұранысқа ЭЦҚ немесе SMS арқылы қол қойыңыз.

Техникалық паспорт алуға өтінімді eGov mobile қосымшасы арқылы да беруге болады.

Соңғы жаңалықтар