• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Руханият Бүгін, 10:08

Құрбан айт: Астанада мал бағасы қанша?

Бүгін мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатыр. Таң сәріден мешіттерде айт намазы оқылып, тұрғындар бір-біріне ақжарма тілектерін арнады. Айт мейрамы қала ішінде ерекше қарбаласпен басталды. Әсіресе мал базарында халық қарасы көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғындар құрбандыққа шалатын малды таңдап, сауда қыза түсті. Сатушылардың айтуынша, биыл мал бағасы өткен жылмен салыстырғанда біршама қымбаттаған. Бұған жем-шөп пен тасымал шығындарының өсуі себеп болды. Қазір қой бағасы шамамен 80 мыңнан 120 мың теңгеге дейін жеткен. Соған қарамастан, құрбан шалуға ниетті жандардың қатары азаймаған. Көпшілік бұл күнді тек діни міндет ретінде емес, сауап пен қайырымдылықтың мерекесі ретінде қабылдайды.

Мемлекет басшысы ел тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов құрбандық шалудың негізгі шарттарын түсіндіріп өтті.

«Құрбандық шалу – жағдайы келетін, дәулеті сай әрбір мұсылманға міндет саналады. Ал тұрмысы төмен, бұған шамасы жетпейтін жандарға дініміз ешқандай ауыртпалық салмайды. Сондықтан бұл мейрамдағы ең басты нәрсе – малдың саны немесе бағасы емес, адамның жүрегіндегі шынайы ниеті мен ықыласы», дейді Медет Құрсақов.

Халқымыздың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрі бойынша, құрбандыққа шалынған малдың еті ағайын-туысқа, көрші-қолаңға және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға таратылады.

Наурызбай қажы Тағанұлы: Құрбан айт – жақсылықта жарысатын мереке

Айт күндері адамдардың бір-біріне қолдау көрсетіп, мейірім мен жанашырлық танытуы – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлшегі. Құрбан айт – тек діни мереке ғана емес, ел ішіндегі бірлік пен татулықты нығайтатын үлкен рухани құндылық. Бұл мейрамның басты ерекшелігі – адамдарды жақсылыққа, қайырымдылық пен адамгершілікке шақырады.

Жанасыл Зайтимхан,ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар