• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 08:38

АҚШ бітім кезеңінде Иранға жаңа соққылар жасады

АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының өкілі Тим Хокинс АҚШ-тың Ирандағы Ормұз бұғазы маңындағы нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

NBC News мәліметінше, Тим Хокинс бұл шабуылдардың «қорғаныс мақсатында» жасалғанын және «зымыран ұшыру қондырғылары мен мина орнатуға әрекеттенген ирандық катерлерге» бағытталғанын нақтылады.

АҚШ пен Иран ымыраға келмей отыр

Оның айтуынша, соққылар Иранның оңтүстігіндегі Ормұз бұғазы маңында орналасқан Бендер-Аббас ауданына жасалған. Сонымен қатар, телеарна мәліметінше, 8 сәуірден бастап күшіне енген АҚШ пен Иран арасындағы уақытша атысты тоқтату режимінде қандай да бір өзгерістер туралы хабарланбаған.

«АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы жалғасып жатқан бітім режимі жағдайында ұстамдылық таныта отырып, біздің күштерімізді қорғауды жалғастырып жатыр», деді Т. Хокинс.

Ал ирандық БАҚ Бендер-Аббас пен бұғаз жағалауындағы аудандарда жарылыстар болғанын хабарлады. Reuters агенттігінде қаладағы жағдай бақылауда екенін және алаңдауға негіз жоқ екені хабарланды.

АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі әскери ұшақ соқтығысты

 

Соңғы жаңалықтар