• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:23

Қостанайда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты

Қостанайда жолаушылар автобусы мен Toyota Alphard соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы кеше Назарбаев пен Промышленная көшелерінің қиылысында болды.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша автобус жүргізушісі кері бұрылу кезінде Toyota Alphard көлігіне жол бермей, салдарынан жол апаты болған. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Сот отырысы 28 мамырда өтеді

Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтау қажеттігін еске салды.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан үш жігіт көз жұмды.

 

Соңғы жаңалықтар