• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:55

Министр Таяу Шығыстағы эвакуацияға кеткен шығын көлемін атады

Мемлекет Таяу Шығыстан отандастарымызды эвакуациялауға шамамен 4 миллион доллар жұмсады. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, 10 мыңнан астам азамат елге қайтарылды.

«Алғашқы кезеңде шамамен 4 мың адам туралы айтылған еді. Алайда эвакуация басталған кезде ол жақта біздің 10 мыңнан астам азаматымыз бар екені анықталды. Орта есеппен мемлекет бұл шараларға шамамен 4 миллион доллар жұмсады», деді министр.

Оның сөзінше, әуе компанияларының шығындарының бір бөлігі мемлекет тарапынан өтелген. Сонымен қатар кейбір жолаушылар билеттерді өздері сатып алған, яғни қызмет құнының бір бөлігі азаматтардың өз қаражаты есебінен төленген.

«Тиісінше, біз әуе компаниялары шығындарының бір бөлігін өтедік. Бұған сақтандыру тәуекелдері де кіреді. Сондай-ақ азаматтардың бір бөлігін жағдай тұрақтырақ болған Дубай мен оған жақын елдерден жеткізу қажет болды. Жалпы бұл мақсаттарға шамамен 4 миллион доллар жұмсалды», деді министр.

Еске сала кетейік, Израиль 28 ақпанда таңертең Иранға соққы жасады. Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүрген Қазақстан азаматтары рейстердің тоқтатылуына байланысты елге қайта алмай қалған еді. 

Соңғы жаңалықтар