• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:04

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы әлі ашылған жоқ

100 рет
көрсетілді

Астанадағы LRT жүйесінің №117 «Жібек жолы» станциясы әлі пайдалануға берілген жоқ. CTS компаниясының хабарлауынша, нысанға іргелес аумаққа абаттандыру жұмыстар жүргізіліп жатқандықтын жолаушыларды толыққанды қабылдауға әлі дайын емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта станция маңында асфальт төсеу, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын салу, сондай-ақ аумақты көгалдандыры жұмыстары жалғасып жатыр.

Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін станция жолаушылар үшін ашылады.

Еске сала кетейік, кеше Астанада көптен күткен LRT ресми түрде іске қосылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT жүйесінің 001 сериялы жол жүру картасы табысталды.

Соңғы жаңалықтар