«Қайрат» футзал клубының басшылығы Қазақстан чемпионатындағы сәтсіз ойындар сериясынан кейін кадрлық шешімдер қабылдай бастады. Клуб бразилиялық бапкер Даниэль Жуниормен келісімді бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан футзал чемпионатының 2025-2026 жылғы маусымының аяқталуына екі тур қалса да, көшбасшы мерзімінен бұрын анықталды. Турнир кестесінде бірінші орында тұрған «Семей» 42 матчтан кейін 113 ұпай жинаған. Ал екінші орында келе жатқан алматылық «Қайрат» дәл осындай ойын санынан кейін 100 ұпай еншіледі.
Қазіргі таңда «Қайрат» – Қазақстанның 21 дүркін чемпионы әрі ел чемпионы атағының иегері. Команда бұл атақты қорғап қалуды көздеп отыр.
Осыған байланысты 14 мамыр күні «Қайрат» бразилиялық бапкер Даниэля Жуниормен келісімшарттың «отбасылық жағдайларға және тараптардың өзара келісіміне байланысты» тоқтатылғанын мәлімдеді.
«Астана» футболшысы әлем чемпионатында ойнайды
Даниэль Жуниор командаға 2025-2026 жылғы маусымның басында қосылып, «Қайратпен» бірге Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ клубты Чемпиондар лигасының ширек финалына дейін жеткізді.
Айта кетейік, «Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алған: 2013 және 2015 жылдары.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Стас Покатилов Әзірбайжан кубогының иегері атанғанын жазған едік.