• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 13:53

Ұлттық құрама қақпашысы шетел чемпионатындағы үшінші трофейін жеңіп алды

30 рет
көрсетілді

Бакудің «Сабах» клубы Әзербайжан кубогінің иегері атанды. Ал финалдық матчтың басты қаһарманы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шешуші ойында Покатиловтың командасы «Зиряға» қарсы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Есепті матчтың 4-минутында «Зиря» ойыншысы Эрен Айдын ашты, үзілістен кейін ойын барысы өзгерді. 70-минутта Орфе Мбина таразы басын теңестірсе, 91-минутта Джой-Ланс Микелс жеңіс голын соқты.

Жеңіс голының шешуші нәтижелі пасын Стас Покатилов берді. Қазақстан қақпашысының пасынан кейін Микелс гол соғып, бакулық клубқа кубок жеңісін сыйлады.

Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?

Стас Покатилов 1992 жылы дүниеге келген, қазіргі таңда 33 жаста. Ол мансабында Қазақстанның «Ақтөбе», «Шахтер», «Қайрат», «Тобыл» клубтарында, сондай-ақ Ресейдің «Ростов» командасында ойнаған. Ал «Сабах» клубының сапында отандасымыз Әзербайжан чемпионы атанып, Әзербайжан кубогін де төбесіне көтерген.

Әлем чемпионаты алдындағы ойындар біздің футболшылар үшін жемісті өтіп жатыр. Бұған дейін Астана құрамасының ойыншысы Иван Башич Қазақстан Премьер-лигасының тарихында әлем чемпионатына шақыртылған алғашқы футболшы атанғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар