• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнім Бүгін, 09:53

Қазақтың қымызы Нью-Йоркте алтын жүлде жеңіп алды

30 рет
көрсетілді

JAS.BRANDS агенттігінің SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен DIELINE Awards 2026 халықаралық сыйлығының алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жоба алкогольсіз және әлсіз алкогольді сусындардың тұжырымдамалық дизайны аталымында үздік деп танылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген 1500-ден астам жұмысты басып озған.

Қазақстанда қымыз өндірісі артты

SAF Qymyz – дәстүрлі қымызды заманауи үлгіде жаңаша ұсынған жоба. Қазақтың кесесінен шабыт алған авторлар алюминий құтысының дизайнын минималистік үлгіде әзірлеген. Ал «SAF» атауы қазақ тіліндегі «саф», «таза» деген мағынаны білдіреді.

«DIELINE Awards әлемдегі қаптама дизайны бойынша ең беделді марапаттардың бірі саналады. SAF Qymyz жобасының жеңісі отандық креативті индустрияның әлеуетін көрсетіп, Алматыдан шыққан жобалардың халықаралық деңгейде мойындалып жатқанын дәлелдей түсті», делінген хабарламада.

Жетісудың бал қымызы

Басқарма өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар Алматы қаласының ұлттық мәдениетті дизайн, гастрономия және шығармашылық индустрия арқылы жаңғырта алатын заманауи креативті орталық ретіндегі беделін арттыра түседі.

Соңғы жаңалықтар