• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2026

«Қонаев» кемесі Каспийді бетке алды

10 рет
көрсетілді

Орал қаласында жасалған ең ірі кеме Отан қорғау­шы­л­ар күніне орай суға түсі­рі­ліп, ел шебін қорғау үшін Каспийді бетке алды. Кеме Президент тапсыр­масымен Қорғаныс ми­нистрлігінің тапсырысы аясында жасалып шық­қан.

Кемені суға түсіру салтанатына орай өткен рәсімге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, Президент тапсырмасымен жүзеге асқан маңызды жобаның сәтті аяқталуымен құттықтады.

– Бүгін «Зенит» зауыты ұжымының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында еліміздегі ең ірі кемені суға түсі­ріп отырмыз. Корабльге мемлекет және қоғам қайраткері Дін­мұхамед Қонаевтың есімі берілді. Экипаж қорғаныс әлеуе­­тін күшейтуде қалтқысыз қызмет етеді деп сенемін, сәттілік тілеймін! – деді Н.Төреғалиев.

«Зенит» зауыты жасап шы­ғар­ған 37-су көлігінің салмағы – 720 тонна. Жүк тасымалдауға арналған трюмнің көлемі – 30 текше метр. «Орал «Зенит» зауыты» АҚ бас директоры Ви­та­лий Каплуновтың айтуынша, кеменің жылдамдығы 16 түйінге дейін жетеді. Ұзындығы 51 метр, ені 9,5 метрлік әскери корабль 8 балдық дауылға шыдас береді. Жобаны жүзеге асыруға зауыт жұмысшылары түгел атсалысқан.

Көпфункционалды бұл кеме еліміздің әскери теңіз күш­терінің кемелері мен катер­ле­рін дизельдік отын, ауызсу, азық-түлік және өзге де материалдық-техникалық жа­ғы­нан қамтамасыз етуге ба­ғытталған. Жеке құрам 30 шақты адамнан тұрады. Экипажға қолайлы жағдай жасалған.

«Кемені Орал қаласынан Жайық өзені арқылы теңізге жеткізгенге дейін бірнеше көпірдің астынан өткізуге тура келеді. Сондықтан оның діңгегі Ақтау айлағында орнатылады», дейді кемені жасаушылар.

Бұл кеме оралдық «Зенит» зауытының конвейерінен шық­қан 37-су көлігі екенін айттық. Теңізшілер бұған дейін­­гі корабльдерге де «Орал», «Сары­арқа», «Түркістан», «Маң­ғыс­тау», «Семей» сынды қала мен жер атауларын қойған еді. Бұл жолғы ең үлкен әскери кеме мемлекет және қоғам қайраткері – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев­тың есімін иеленіп отыр.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар