• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 21:12

Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді

20 рет
көрсетілді

Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі ұйымдастырылады. Көрме 9 мамыр күні Отан қорғаушылар монументі жанында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше мереке күндері министрлік өкілдері мен әскери оркестр Ұлы Отан соғысының әрбір ардагерін арнайы барып құттықтайды.

Жеңіс күніне орай 3398 астаналыққа біржолғы төлем берілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні «Бәйтерек» монументі алдында өтетін плац-концертпен басталады (12:00–12:30).

Ал сағат 15:00-де әскери оркестр қала көшелерімен жүріп өтеді: музыканттар Кенесары хан ескерткішінен бастап, жағалау бойымен және «Атырау» көпірі арқылы өтіп, шеруін Орталық саябақтағы концертпен аяқтайды.

Сонымен қатар, концерттер Отан қорғаушылар монументі, «Жастар» сарайы, қала әкімдігі және Бауыржан Момышұлы ескерткіші маңында да ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар