5 мамыр күні Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың бағамы 465,01 теңгеге жетті, деп жазады Egemen.kz.
Бір тәулік ішінде АҚШ валютасы 0,41 теңгеге қымбаттаған.
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Еліміздегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамдары шамамен мына көлемде саудаланып жатыр:
доллар: сатып алу – 464-465 теңге, сату – 466-467 теңге; еуро: сатып алу – 541-543 теңге, сату – 544-548 теңге; Ресей рублі: сатып алу – 5,95-6,02 теңге, сату – 6,04-6,07 теңге.