• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Бүгін, 14:21

Өскеменде жарылыстан кейін ауа сапасы нашарлады ма?

40 рет
көрсетілді

«Қазцинк» компаниясы Өскемендегі зауытта болған жарылыс пен өрттен кейінгі экологиялық ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Қазір уәкілетті органдар қоршаған ортаға келтірілген әсерді бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Компанияның алдын ала деректеріне сәйкес, жергілікті деңгейде шаңның таралуы тіркелгенімен, оның мөлшері рұқсат етілген шектен аспаған және қауіпті ластаушы заттардың бөлінуі анықталмаған.

Айта кетейік, бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемендегі зауытта жарылыс болғанын хабарлады. 

Кейіннен жарылыстан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам қаза тапқаны белгілі болды. 

 

   
Соңғы жаңалықтар