• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 12:17

Өскемендегі жарылыс: Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алды

50 рет
көрсетілді

Бүгін Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында жарылыс болып, өрт салдарынан 2 адам қаза тапты. Үкімет отырысында Премьер-министр зауыттағы жағдайды жеке бақылауына алатынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Біріншіден, Өскеменде болған жарылысқа қатысты таңертең қажетті тапсырмаларды бердім. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктері, облыс әкімдігі қажетті шаралар қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады», деді Премьер-министр.

Еске салайық, бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемендегі зауытта жарылыс болғанын хабарлады. 

Кейіннен жарылыстан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам қаза тапқаны белгілі болды. 

 

Соңғы жаңалықтар