Самұрық-Энерго 2026 жылы энергетикалық нысандарда кең көлемді жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 111 бірлік негізгі жабдық пен 19,5 шақырым жылу магистралін жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Компания басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Үкімет отырысында алдағы жөндеу науқаны мен инвестициялық жобалар туралы баяндады.
Жоспарға сәйкес, 19 жабдық күрделі жөндеуден, 5-еуі кеңейтілген жөндеуден, ал 87-сі ағымдағы жөндеуден өтеді. Қазір жұмыстардың 26%-ы аяқталып, 14%-ы жүргізіліп жатыр, қалған бөлігі кестеге сай атқарылады.
Қазақстанда 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан шықты
Негізгі жобалар қатарында Екібастұз ГРЭС-1 нысанында отын беру жүйесін жаңарту және жаңа түтін мұржасын салу, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-2 стансасында күл шығару жүйесін толық ауыстыру бар.
«Самұрық-Энерго» стансалары еліміздегі электр энергиясының үштен бірін өндіреді. Қазіргі таңда «Самұрық-Энерго» компаниясы тұрақты пайдалану дайындығын қамтамасыз ете отырып, ағымдағы және күрделі жөндеуді толық көлемде жүргізу үшін қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етіп жатыр», деді басқарма төрағасы.Сонымен қатар Алматы қаласында ЖЭО-2 мен Батыс жылу кешенін байланыстыратын 19,5 шақырымдық жылу магистралін қайта жаңғырту жоспарланған.
Нұрболат АМАНБЕК