Иран билігі Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеуге бағытталған 14 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды АҚШ-қа жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл құжат америкалық тарап бұған дейін ұсынған бастамаға жауап ретінде әзірленген.
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Тегеранның талаптары:
Шабуыл жасамауға кепілдік беру; Америкалық әскерді аймақтан шығару; Блокада мен санкцияларды алып тастау; Бұғатталған активтерді босатып, өтемақы төлеу; Ормұз бұғазының жұмыс істеу тәртібін қайта қарау.Вашингтон бұл құжатты алғанын растады. АҚШ президенті Дональд Трамп ұсыныстарды қарастыратынын айтқанымен, олардың іс жүзінде қабылдануына күмән келтірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та президентке қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұсталған азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұрған жазған едік.