• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инновация Бүгін, 11:27

Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда көлік-логистика саласын цифрландыру аясында шекарадан өту уақытын едәуір қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Негізгі жаңашылдық ретінде Smart Cargo цифрлық платформасы енгізіліп жатыр. Жүйе мемлекеттік органдар мен бизнесті біріктіріп, жүк деректеріне QR-код арқылы қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар құжаттарды автоматты тексеру, маршруттарды құру және қажетті рұқсаттарды анықтау функциялары қарастырылған. Осы шешімнің нәтижесінде шекарадан өту уақыты қазіргі шамамен 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады деп күтіледі.

Шекарадағы кезек азаяды: Өткізу бекеттерінде 200 орындық автотұрақтар салынады

«Бірыңғай интеллектуалды көлік жүйесі е-Көлік қалыптасып жатыр.. Платформа QazTech базасында құрылады және барлық көлік түрлерін біріктіреді. Бұл деректерді жинауға, өңдеуге, көлік ағындарын болжауға және шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді», деп атап өтті министр. Цифрлық жүйе көлік басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегін тіркеді

Министрдің сөзінше, теміржол саласында да цифрландыру жобалары қолға алынған. Соның бірі – KinetiX диагностикалық жүйесі. Бұрын вагондарды тексеру қолмен жүргізіліп, 2 сағатқа дейін уақыт алатын болса, қазір жүйе 9 негізгі параметр бойынша автоматты түрде 8 минут ішінде диагностика жасайды. Жасанды интеллект пен бейнеаналитика ақауларды анықтап, деректерді нақты уақыт режимінде өңдеп, есеп береді.

Соңғы жаңалықтар