Ақтөбеде полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкенді ұйымдастырған және оның жұмысына қатысы болды деген күдікпен екі жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, арнайы операция барысында жедел қызметкерлер арнайы мақсаттағы бөлімшенің қолдауымен 38 жастағы ер адамды қолға түсірген. Тергеу барасында оның өңірде есірткі өткізумен айналысатын онлайн-дүкен ұйымдастырғаны айғақталған.
Күдіктінің үйіне жүргізілген тінту кезінде полиция қызметкерлері оқ-дәрілері бар қос ұңғылы мылтық, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, револьвер, Ф-1 гранатасы мен түрлі оқ-дәрілерді тапқан.
Шымкент тұрғынынан аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді
Кейін құқық қорғау органдары есірткіні жасырын орындарға қалдырып кеткен деген күдікке ілінген екінші адамды ұстады. Ол жалдап тұрған пәтерден WAX гашиш майы құйылған 70 құты және заңсыз қызметтен түскен болуы мүмкін ірі көлемдегі ақша қаражаты тәркіленді.
Таразда такси жүргізушісінің көлігінен есірткі табылды
Аталған факілер бойынша аса ірі мөлшерде есірткі заттарын, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.