Елімізде 2023-2024 жылдар аралығында оқудан шығарылған тұлғаларға қайта грант беріліп, 85 миллион теңгеден астам қаржы негізсіз жұмсалған. Бұл туралы Мәжілісте Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, жоғары білім саласында бірқатар жүйелік мәселелер бар. Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Қаскиннің айтуынша, салада тұрақты әрі стратегиялық даму логикасы қалыптаспаған.
«2023-2024 жылдары мемлекеттік тапсырыс қаражатының тек 40%-ға жуығы орталық оператор арқылы өтіп, қалған бөлігі бірыңғай есеп жүйесінен тыс бөлінген. Жұмыспен қамту деңгейі төмен 67 жоғары оқу орнына 246 грант бөлінгені және бұрын оқудан шығарылған тұлғаларға қайта грант беру бойынша 85 млн теңгеден астам сомаға қатысты 33 жағдай анықталған», деді Тілеген Қаскин.
230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды
Жоғары аудиторлық палата мүшесінің сөзінше, 2022-2024 жылдар аралығында 24 мыңға жуық студент оқудан шығарылған, олардың оқуына бюджеттен 19,6 млрд теңге жұмсалған. Соның 10 мыңына қатысты қаржы туралы толық мәлімет жоқ. Сонымен қатар магистратураға қайта түсу арқылы еңбек өтеу міндеттемесінен жалтару жағдайлары байқалған, бұл бағыттағы ықтимал шығын 10,8 млрд теңгеге бағаланған.
ШҚО-да дәрігерлерге негізсіз қаржы төленген
Аудит нәтижесінде «Болашақ» бағадарламы бойынша 151 стипендия бекітілген лимиттен тыс тағайындалғаны анықталған.