• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:06

Қазақстандық оқушы Сингапурда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде иеленді

40 рет
көрсетілді

Сингапурда өткен FIRST LEGO League Singapore 2026 халықаралық робототехника чемпионатында 5-сынып оқушысы Тұрман Аманжол Қазақстан намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас қатысушы жарыс қорытындысы бойынша 2-орынға ие болып, турнир кубогінің иегері атанды. Бұл оның халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жетістіктерінің бірі.

Бұған дейін Аманжол Central Asia FIRST Championship 2026 Азия чемпионатында 3-орын алып, өз командасына Қытайдың Бейжің қаласында өтетін FLL China Champion 2026 турниріне жолдама алып берген еді. Ол алдағы беделді додада Қазақстан атынан өнер көрсетпек.

Қызылордалық оқушы Менделеев олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Сонымен қатар өткен жылы ол АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен XCEL бағытындағы Pobotixcel жеке жарысында 1-орын иеленіп, халықаралық деңгейде үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар