• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Кеше

Астанада Ресей кино-фестивалі басталды

40 рет
көрсетілді

Елордада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі шымылдығын түрді. 26 сәуірге дейін жалғасатын мәдени шара екі ел арасындағы гуманитарлық және шығармашылық байланысты нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фестивальдің ашылу рәсімінде «РОСКИНО» ұйымының бас директоры Эльза Антонова Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимованың құттықтау хатын оқып берді. Құттықтау хатта өнер мен кинематография арқылы ынтымақтастықты тереңдетудің маңызы атап өтілген.

Эльза Антонова өз сөзінде «РОСКИНО» жыл сайын әлемнің әр түкпірінде осындай фестивальдер өткізетінін айтып, Қазақстандағы кино мерекесінің орны ерекше екенін жеткізді. Оның айтуынша, биылғы бағдарламаға ресейлік прокатта жоғары бағаланған, заманауи киноның жанрлық әртүрлілігін қамтитын туындылар енгізілген.

Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президентінің міндетін атқарушы Айдар Омаров мұндай бастамалар мәдени байланыстарды тереңдетіп қана қоймай, ұлттық кино өндірісін дамытуға да серпін беретінін атап өтті.

Фестиваль «Первый на Олимпе» спорт драмасының көрсетілімімен ашылды. Жалпы, 4 күн бойы көрермендерге 7 ресейлік фильм тегін ұсынылады. Олардың қатарында «Авиатор», «Буратино», «Чебурашка 2», «Красный шелк», «Три кота. Путешествие во времени» және «Август» картиналары бар.

Бағдарлама аясында делегация өкілдерімен кездесулер мен шығармашылық бағытта білім алып жүрген студенттерге арналған шеберлік сабақтары жоспарланған. Сонымен қатар көрермендер «Авиатор» фильмінің актрисасы Дарья Кукарскаямен және «Первый на Олимпе» картинасында ойнаған актер Антон Савватимовпен жүздесуге мүмкіндік алады.

Қазақстан мен Ресей мәдениет саласында қандай жобаларды жүзеге асырмақ?

Соңғы жаңалықтар