• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

20 рет
көрсетілді

Ұлыбританиядан келген турист үшін Копакабана жағажайы сапары күтпеген оқиғамен аяқталды. Көшеден сатып алған кәуап үшін ол байқаусызда 10 мың бразилиялық реал – шамамен 950 мың теңге төлеп кеткен, деп жазады Egemen.kz. 

O Globo басылымының хабарлауынша, оқиға 14 сәуір күні Бразилияның бас шаһары Рио-де-Жанейрода болған. Жергілікті деректерге сәйкес, күдікті бірнеше сыбайласымен бірге туристік аймақтарда жұмыс істеп, шетелдіктерге көше тағамдарын ұсынып жүрген. Осы жолы олардың құрбаны Ұлыбританиядан келген әйел болған. Алғашында тағам бағасы 100 реал деп көрсетілгенімен, төлем жасау кезінде терминалда мүлдем басқа – 10 мың реал сомасы шыққан.

Полицияның мәліметінше, ұсталған сатушы бұрын да құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Қылмыстық топ туристер көп шоғырланатын жерлерде әдейі шетелдіктерді нысанаға алған. Ведомство өкілдері көше саудагерлерінің жеткілікті деңгейде бақыланбауы осындай құқықбұзушылықтарға жол ашып отырғанын атап өтті.

Бразилияда әлем чемпионаты кезінде стадион өртенді: Спортшылар аман ба?

Тергеу барысында алаяқтықтың негізгі тәсілі анықталды. Сатушылар төлем терминалындағы соманы әдейі өзгертіп, сатып алушыны жаңылыстырған. Асығыс әрекет еткен туристер экрандағы мәліметті тексерместен PIN-код енгізіп, ірі сомадан айырылып қалған.

Мамандар саяхатшыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Атап айтқанда, төлем алдында терминалдағы соманы мұқият тексеру, банк хабарламаларын қосу, күмәнді сатушыларға картамен төлем жасамау және құжаттарды қауіпсіз жерде сақтау қажет.

Бразилияда автобустар Димаштың суретімен безендірілді

Соңғы жаңалықтар