• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 10:25

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

60 рет
көрсетілді

13 сәуірде елдің бірқатар өңірінде тұман, жауын-шашын, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында батыс және солтүстік бөліктерде тұман түседі. Жел бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз шығыста оның екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағытынан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында да шаңды дауыл болжанған.

Түркістан облысының солтүстігінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Сонымен қатар батыс және солтүстік аймақтарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Атырау облысында батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау қаласында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Маңғыстау облысында ауа райы ерекше құбылмалы болады, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел екпіні кей аумақтарда 23 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда да қолайсыз ауа райы сақталады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман сақталады. Қостанай қаласында да жаңбыр жауып, найзағай болады.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Сонымен қатар облыстың бірқатар аумағында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Іле Алатауы маңында да қысқа мерзімді жауын-шашын болуы мүмкін.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл маңында жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Абай облысында солтүстік бөліктерде тұман болады. Желдің бағыты өзгеріп, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстікте өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман сақталады. Петропавл қаласында тұман болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болжанады. Сонымен қатар кей аумақтарда өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді.

Қазақстанда ауа райы күрт құбылады

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болады. Кей жерлерде тұман сақталып, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Орал қаласында да жаңбыр мен найзағай, түнде тұман күтіледі.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында ауа райының мұндай құбылмалы сипаты көктемгі атмосфералық фронттардың белсенділігімен байланысты.

Соңғы жаңалықтар