• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:10

Министрлік мектеп бітіру кешіне қатысты жаңа тәртіпті жариялады

40 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылуы тиіс. Сондай-ақ білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынған.

«Адал азамат»: Мектеп оқушыларына жаңа Конституцияның нормалары түсіндірілді

«Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға рұқсат етілмейді. Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Ал Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар