Әлемдік мұнай нарығында баға қайтадан шарықтап, Brent маркалы мұнай құны 100 долларлық межеден асты. Бағаның күрт өсуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормұз бұғазын бұғаттау туралы мәлімдемесі түрткі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 103 доллардан асты
Иран мен АҚШ келіссөздері нәтиже бермеді.
11 сәуірде Исламабадта Иран мен АҚШ делегациялары келіссөз бастады. Алайда тараптар ортақ мәмілеге келе алмады. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің айтуынша, ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесіз аяқталып, америкалық делегация кері қайтқан.
Трамп Иран мұнайын иемденгісі келеді
Келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін Дональд Трамп АҚШ Ормұз бұғазы арқылы өтетін барлық кемелердің қозғалысын шектеуге кірісетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол АҚШ әскери-теңіз күштеріне Иранға төлем жасаған кемелерді қадағалап, қажет болған жағдайда тоқтатуды тапсырған.
Осылайша, Таяу Шығыстағы теңіз тасымалына қатысты тәуекелдер айтарлықтай күшейді. Бұл жағдай жаһандық мұнай жеткізу тізбегіне тікелей қауіп төндіріп отыр.
Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 112 доллардан асты