• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 07:50

Сауда-экономикалық келіссөз пысықталды

10 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикпен және Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чон Кванмен кездесті.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономика­лық, инвестициялық ынты­мақтастыққа, сондай-ақ энергетика мен өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту жа­йын талқылады. Инвести­ция­лық әріптестікті кеңейту мүмкіндігі, соның ішінде кореялық компаниялардың мұнай-газ жобаларына, тау-кен, металлургия өнеркәсібі­не, сондай-ақ ядролық энергетиканы дамытуға қатысуы қарастырылды. Сонымен қатар Үкіметаралық комиссияның келесі отырысына дайындық мәселелері де сөз болды.

Кездесу қорытындысында стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара міндеттеме расталды.