• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:23

Димаш туралы деректі фильм

50 рет
көрсетілді

Әлемге әйгілі әнші, Қазақ­станның халық әртісі Димаш Құдайберген туралы дерек­ті фильм 30 мамыр күні Испания астанасы Мадрид қаласында алғаш рет көрерменге жол тартпақ. «Al compás de su voz» (Оның дауыс ырғағымен) деп аталатын бұл туындының бас­тамашысы – испания­лық жанкүйерлер, ал жүзеге асырушысы – «Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial Spain-La Gran Voz Kazaja» қауымдастығы. Фильмнің премьерасы Мадридтің Hortaleza ауданындағы «Palacio de Hielo» кешенінде өтпек.

Аталған жоба жұмысы 2024 жылдың қазан айында басталып, шамамен екі жылға жуық уақытты қамтыған. Деректі фильм­ге

20 сағаттан астам бейнематериал, архивтік жазбалар, фотосуреттер мен сұхбаттар енгізілген. Туындыда әлемнің әр түкпірінен жиналған бес жанкүйердің жеке оқиғалары баяндалады. Ав­тор­лар олардың әншімен рухани байланысын, сондай-ақ Димаш­тың халықаралық фан-қоғамдас­тығы ішіндегі ерекше атмосфераны көрсетуге тырысқан. 

Осы жаңалықты естіген соң, әлеуметтік желіден испа­ния­лық кинематографист Давид Коллантес Родригеске хабарластық. Оның айтуынша, фильмнің басты идеясы – Димаш­тың өнері миллиондаған адам­ның өміріне қалай әсер еткенін көрсету болмақ. «Бұл жобада әрбір жанкүйердің жеке тарихы арқылы ортақ бір құбы­лысты, өнердің адамдарды бірік­тіру күшін ашуды көздедік. Әр адамның Димашпен танысуының өз тарихы бар. Бұл – менің алғаш­қы толық­метражды жұмы­сым. Ал ал­ғашқы дүниелер әрдайым ерек­ше болады», дейді ол.  

Фильмде Димаштың Ис­па­ниядағы алғашқы кон­­цер­ті (Барселона, қараша айы), сондай-ақ 50 елден келген 700-ден астам жанкүйер қатысқан арнайы кездесулер де қамтылған. Авторлар туынды арқылы әнші шығар­машы­лығын кеңінен насихаттап, оны шын мәнінде жаһандық мәдени феномен ретінде танытуды мақсат етеді.

Соңғы жаңалықтар