• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Көрме Бүгін, 08:43

Атажұрттан Анадолыға дейін

20 рет
көрсетілді

Оғыз мұрасын халықаралық дең­гейде кеңінен таныту мақ­са­тын­да Қызылорда облысы әкімдігі мен ТҮРКСОЙ Ха­лықаралық ұйы­мының қол­дауы­мен Ұлттық музей мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе Ыстанбұл қаласындағы Түрік және ислам өнері музейінде «Оғыз феномені: Ұлы даладан Анадолыға дейін» атты халықаралық көрме ұйым­дастырды.

Ауқымды мәдени жоба түркі өрке­ниетінің тарихи тамырына терең бойлатып, Ұлы дала мен Анадолы арасындағы мыңжылдық рухани және мәдени сабақтастықты айшықтауға бағытталды.

Көрмеде Ұлы дала кеңістігінен бастау алып, тарихы Анадолы жерінде жалғас­қан оғыздардың рухани-материалдық мәдениеті ұсынылды. Сырдария оғыз­­да­рының тарихи-мәдени мұрасы, оның ішінде біздің заманымыздың VІІ–ХІ ғасырларында өмір сүрген ортағасырлық даңқты Жанкент, Жент, Сортөбе қалашықтарынан табылған бірегей археологиялық және этнографиялық жәдігерлер, сонымен қатар қазіргі таңда қайта жаңғырған Сыр өңірінің бас қаласы – Қызылорданың заманауи және тарихи туристік нысандары туралы ақпараттар қойылды. Ашылу рәсіміне Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары, отандық және түркиялық тарихшы ғалымдар, БАҚ өкілдері мен музей қызметкерлері қатысты.

Айта кетейік, аталған көрме түркі мұрасының әлемдік тарихтағы рөлін жаңа қырынан таныстырып, халықаралық деңгейде насихаттау, ғылыми ын­­ты­мақтастықты нығайту, бауырлас халықтар арасындағы мәдени диалогті дамыту мақсатын көздейді.

Іс-шара аясында халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, Оғыз мұрасын зерттеудегі өзекті мәселелер талқыланды.­­

Соңғы жаңалықтар