Үкіметтің баспасөз қызметі 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері 104,4%-ға орындалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазынаға жоспарланған 6,2 трлн орнына 6,4 трлн теңге түскен, осылайша жоспар 268,7 млрд теңгеге асыра орындалған. Ал 2025 жылмен салыстырғанда өсім 930,6 млрд теңгені (+16,9%) құраған.
Бюджет-салық саясатының жаңа бағдары
Үкімет республикалық және жергілікті бюджеттердің жоспарлы көрсеткіштерін асыра орындағанын мәлімдеді. Өсім Қазақстанның экспорттық тауарлары бағасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің артуы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері есебінен қамтамасыз етілген.