Спорттық гимнастикадан Мысыр елінде өтіп жатқан Әлем кубогінде еліміз құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Қолды тіреп секіру жаттығуында Асан Сәлімов 14,083 ұпай жинап, күміс медальға ие болды. Жерлесіміз армениялық Артур Давтяннан (14,666) ғана қалып қойды. Үшінші орынды чехиялық Йонас Данек (14,016) иеленді. Естеріңізге сала кетейік, жарыстың алғашқы күні Зейнолла Ыдырысов күміс алса, Нариман Құрбанов қолаға қол созған еді.