• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:10

Апатты баспаналар азаймай тұр

10 рет
көрсетілді

Былтыр елімізде апатты жағ­дай­дағы тұрғын үй саны 2,6 мың­­ға жетіп, 7%-ға ұлғайған. Соның ­салдарынан өткен жылы 50 мыңнан астам адам апатты үйлерде тұрған.

«Ranking.kz» жазуынша, бұл мәселе ел азаматтарының қауіпсіздігіне байланысты болғандықтан, бүгінде өте өзекті. Былтыр апатты үйлер саны жөнінен Атырау облысы көш басында болған. Онда 705 апатты үй есепте тұр. Ал Ақмола облысында тозығы жеткен 270 үй,  Батыс Қазақстанда 262 үй бар. Ескере кететін бір жайт, тұрғын үй қорының шынайы жағдайы статистикалық деректерден алшақтау болуы мүмкін. Яғни бұл тұжырым нақты ресми деректерге қарай жасалып отыр. Оң нәтиже де жоқ емес. Былтыр Алматы облысында апатты үй саны 30-ға, Қарағанды облысында 12-ге, Астана қаласында 10-ға, Солтүстік Қазақстанда 7-ге азайған.

«Ranking.kz» сарапшылары бұл үрдіс­тен екі түрлі жағдайды аңғарғанын айтады.

«Мұндай нысандардың артуы тұрғын үй қорының жағдайы нашарлағанын көрсетеді. Екінші жағынан, уәкілетті ор­гандардың тексерісті күшейтуіне де байланысты. Іс жүзінде қауіпті, бірақ ресми мәртебесі жоқ үйлер көп. Ресми апатты мәртебені алу мәселенің шешу мүмкіндігін арттырады», дейді сарапшылар.