• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфляция Бүгін, 08:03

Бағаны өсіруге негіз жоқ

10 рет
көрсетілді

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серик Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қазіргі жағдайы қаралды.

Инфляцияның баяулау үрдісі алты ай қатарынан сақталып отыр. Былтырғы қыркүйектегі 12,9%-дан биылғы наурыз айында 11,0%-ға дейін төмендеді. Реттелетін қызметтер саласында бұл нәтиже табиғи монополия субъектілерінің операциялық шығындарын оңтайландыру есебінен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын (31 атау) өндірушілерге бағаны тұрақтандыру мақсатында электр энергиясы мен теміржол тасымалдары тарифтерін 70%-ға дейін төмендету шаралары қарастырылған.

Наурыз айында жылдық азық-түлік инфляциясы 11,7%-ды құрап, 1%-дық тармаққа төмендеді. Сәуірдің бірінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының орташа өсім индексі нөлдік деңгейде сақталды (былтырғы сәйкес кезеңде – 1,6%). Қияр (-9,7%), пияз (-2,3%), қырыққабат (-1,7%) бағасының төмендеу үрдісі жалғасып жатыр. Сонымен қатар балық (-0,7%), қызанақ (-0,6%), ұн мен күнбағыс майы (-0,2%) және өзге де азық-түлік тауарлары арзандады.

Бағаны одан әрі тұрақтандыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі Мал шаруашылығы одағымен меморандумға қол қою мәселесін пысықтап жатыр. Құжат жыл соңына дейін ет өнімдерінің белгілі бір тобына шекті бағаларды белгілеу есебінен ішкі нарықты сауда желілері арқылы қамтамасыз етуді көздейді.

Маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан делегациясының Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Делегация құрамына Сауда және интеграция министрлігінің, облыс әкімдіктерінің, сондай-ақ ірі сау­да желілерінің өкілдері кірді.

Сапар барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесіне кіретін жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін әрі экспорттайтын жетекші өзбек кәсіпорындарымен екіжақты келіссөздер жүргізілді. Онда еліміздің ішкі нарығына экспортты ұлғайту мәселесіне баса назар аударылды. Сонымен қатар делегация Сурхандария облысының бірқатар ауданын аралап, өнімді өсіру, жинау, буып-түю, сақтау жұмысымен танысты. Өнім сапасының жоғары екені айтылып, оны отандық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында қосымша калибрлеу қажеттігі көрсетілді.

Келіссөздер барысында логис­тиканы ескере отырып, еліміздің көтерме нарығындағы бағадан төмен бағамен жаңа өнімнен 1,4 мың тонна сәбіз, 400 тонна қырыққабатты пилоттық жеткізу жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. Өнім сапасын бақылауды өзбек тарапы жүзеге асырады. Ал жеткізу елдегі тасымалдаушының қатысуымен «жасыл дәліз» тетігі арқылы ұйымдастырылады. Сонымен қатар тараптар екіжақты та­уар айналымын одан әрі кеңейту перспективаларын, оның ішінде импортқа қажетті та- уа­р­­­­лар тізбесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазір өңірлік тұрақтандыру қорларында былтырғы көкөніс өнімдерінің жалпы көлемі 29,5 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар жалпы көлемі 13,1 мың тонна ерте пісетін көкөністер бойынша келісімшарттар жасалып жатыр. Оның ішінде 10,8 мың тоннасы – Түркістан облысы фермерлерінің өнімі. Бұл ішкі сұранысты отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етуге жол ашады.