• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 21:32

Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратында өрт шықты

20 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында облыс әкімдігі ғимараты өртеніп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өрт ғимараттың шатырынан шыққан.

«Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел жетті. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта адамдарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді министрлік.

Өрт сөндірушілер жоғары деңгейлі шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр, өрттің нақты аумағы анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Әкімдік мәліметінше, оқиға орнына жедел медициналық жәрдемнің екі бригадасы тартылған, алайда ешкім медициналық көмекке жүгінбеген.

Сағат 21:22-дегі жағдай бойынша өрт оқшауланды, алайда оны толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар