• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 17:09

Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалда бақ сынайды

10 рет
көрсетілді

Бокстан ел құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдағы өнерін аяқтады. Ұлттық құрама сапынан соңғы болып 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.

Сағындық Тоғамбай финал жолдамасын Өзбекстан өкілі Халимжон Мамасолиевке қарсы сарапқа салды. Бірінші раундта төрешілер отандасымызды 4:1 есебімен басым түсті деп есептеді. Келесі раунд қарсыластың пайдасына 4:1 есебімен жазылды. Жеңімпаз соңғы раундта анықталды. Нәтижесінде төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Өзбекстан боксшысына берді. Осылайша, Сағындық Тоғамбай турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді

Жалпы жартылай финал қорытындысы бойынша 8 боксшымыз финалға жолдама алды. Алтын медаль үшін Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жұдырықтасады.

Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан қытайлық қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді

Соңғы жаңалықтар