• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:36

Қарағанды облысының полициясы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтті

20 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолдағы тәртіпті сақтау бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар күн сайын жүргізіліп жатыр. Полиция қызметінің негізгі ұстанымы – жазалау емес, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың жауапкершілігін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов атап өткендей, негізгі міндеттердің қатарында құқық бұзушылықтың алдын алу, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтарға жедел көмек көрсету бар.

Полицейлердің жұмысы тек бақылаумен шектелмейді. Олар қажет жағдайда алғашқы көмек көрсетіп, адамдардың өмірін сақтап қалуға да атсалысады.

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Мәселен, «ДК Горняков» аялдамасы маңында патруль кезінде полиция қызметкерлері өзін жайсыз сезінген қызға жедел алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны ауруханаға жеткізді. Бұл – құқық қорғау қызметінің тек тәртіп сақтаумен ғана емес, нақты көмек көрсетумен де айналысатынын көрсетеді.

Күнделікті нұсқамаларда жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда мынадай құқық бұзушылықтар ерекше бақылауда тұр.

мас күйінде көлік жүргізу; жалған мемлекеттік нөмір қолдану; жолдағы қауіпті бұрылыстар.

Рейд барысында Балқаш қаласында жалған нөмір тағылған Nissan көлігі анықталып, тоқтатылды. Көлікті басқарған 32 жастағы азаматтан қолдан жасалған пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, Volkswagen Passat көлігінің 22 жастағы жүргізушісі көлікке заңсыз қызыл және көк жарық құрылғыларын орнатқаны үшін жауапкершілікке тартылды, ал көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Қарағанды облысында 13 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті

Жалпы, облыс полицейлері күн сайын шамамен 2000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алады. Соңғы тәулікте анықталған фактілер:

2 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған; 5 адам жүргізу құқығынан айырылған күйде рөлге отырған; 5 жағдайда жалған нөмір қолданылған; 7 жүргізуші қарсы жолаққа шыққан.

Бұл деректер құқық бұзушылықтардың дер кезінде анықталып, олардың ауыр салдарының алдын алуға мүмкіндік беріп отырғанын көрсетеді.

Қарағанды облысының полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.

Негізгі мақсат – құқықбұзушылықтың алдын алу, адам өмірі мен денсаулығын қорғау және кез келген жағдайда тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету.

Қарағанды облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды

Соңғы жаңалықтар