• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 11:31

Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда шетелден әкелінетін тауарлардың бағасы біршама төмендеуі ықтимал. Сарапшылардың айтуынша, доллар бағамының әлсіреуі импорттық өнімдер құнына әсер етуі мүмкін, алайда айтарлықтай арзандау күтілмейді, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі таңда доллар шамамен 470 теңге деңгейінде саудаланып жатыр, бұл көрсеткіш соңғы 2 жылға жуық уақыттағы ең төмен деңгейлердің бірі. Соңғы рет мұндай межелер 2024 жылдың жаз мезгілінің бастапқы тұсында тіркелген еді.

Экономист Арман Байғановтың айтуынша, қазіргі жағдай импорттаушылар үшін қолайлы болып отыр.

«Шетелден тауар әкелетін кәсіпкерлер үшін қазіргі бағам анағұрлым тиімді. Сондықтан жаппай сатып алуды осы кезеңде жүргізген дұрыс. Кейінге қалдырылған әсерді ескерсек, алдағы 1 ай ішінде импорттық тауарлар бірнеше % шамасында арзандауы мүмкін. Мәселен, тұрмыстық техника немесе көліктер бағасы аздап төмендеуі ықтимал. Бірақ 10-20% деңгейінде айтарлықтай құлдырау болмайды», деді сарапшы.

Мамандардың пікірінше, доллар бағамының әлсіреуіне Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал тікелей әсер еткен. Аймақтағы шиеленіс салдарынан Ормұз бұғазының ішінара жабылуы мұнай бағасының өсуіне әкелді, ал бұл өз кезегінде теңгенің нығаюына ықпал етті.

Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?

Сарапшылар теңге бағамына тек сыртқы емес, ішкі экономикалық өзгерістердің де әсер еткенін айтады. Атап айтқанда, салық саясатының өзгеруі және бюджет кірістерінің артуы ұлттық валютаның тұрақтылығын күшейтуі мүмкін.

Соған қарамастан, мамандар баға динамикасы тұрақсыз болуы ықтимал екенін ескертеді. Егер Таяу Шығыстағы жағдай тұрақтанып, мұнай арзандаса, теңге де әлсіреуі мүмкін.

Осылайша, қазіргі жағдайда импорттық тауарлар бағасының аздап төмендеуі ықтимал, алайда күрт арзандау күтілмейді.

Импорттан арылу мүмкіндігі

Соңғы жаңалықтар