8-10 сәуір - Кереку театры – Алматыда
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының Алматы қаласына гастрольдік сапары өтеді.
9 сәуір - «Оян, қалыңдық!»
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Ф.Г.Лорканың «Оян, қалыңдық!» драмасы қойылады. Режиссері – Дина Жұмабай.
10 сәуір - «Жәмила»
Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрында Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» драмасы қойылады. Режиссері – Мұқанғали Томанов.
10 сәуір - «Күйеубала»
Жастар театрында Жәнібек Әлікеннің «Күйеубала» драмасы сахналанады. Режиссері – Дәурен Серғазин.