Boxrec жариялаған рейтинг бойынша қазақстандық боксшы допинг дауына байланысты орта салмақтағы бірінші орнынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазір рейтингтің көшбасшысы кубалық Эрисланди Лара (32-3-3, 19 КО), екінші орында доминикандық Карлос Адамес (27-1-1, 18 КО), ал үшінші орында британдық Конор Бенн (24-1, 14 КО) тұр.
Осылайша, Әлімханұлы кәсіби карьерасында жеңіліс болмағанына қарамастан, Boxrec версиясы бойынша орта салмақтағы бірінші нөмір мәртебесін жоғалтты.
Промоутер Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты пікір білдірді
Естеріңізге салсақ, қазақстандық WBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін сақтап отыр, алайда 2025 жылдың соңында анықталған мельдонийге оң допинг-тестіне байланысты бір жылдық шеттетілу мерзімін өтеп жатыр. Дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін созылады.
Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды