Терезеден құлап кеткен екі бала да аман қалды. Полиция ата-аналарды мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Актобе қаласының Есет батыр тұрғын ауданында 6 жастағы бала екінші қабаттан құлап кеткен. Моғалжар ауданының Қандыағаш қаласында 4 жастағы бала үшінші қабаттан құлаған.
«Екі жағдайда да балалар қысқа уақытқа ересектердің қарауынсыз қалды, терезедегі москит торына сүйеніп, құлап кеткен. Бақытымызға орай, балалардың денсаулығына зақым келмеді», деді Актөбе облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бойынша арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Руслан Наурызбаев.
Қостанайда 16 жастағы қыз терезеден құлап кетті: Қылмыстық іс қозғалды